Қазақстанда «сұр тәрелкені» таратушылар көлеңкеден шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 600 мыңға отбасы «сұр» спутниктік тәрелкелерді пайдаланып жүр. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетейік, бүгінгі жалпы отырыста  палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады.

Осы заңнама аясында «сұр тәрелкелерді» таратуды құқықтық реттеуге енгізу қарастырылған.

 «Бүгінде 600 мыңға тарта отбасы «сұр тәрелкелерді» пайдаланып келеді. Бұл өз кезегінде 600 мың отбасы қазақстандық телеарналарды қарамайды әрі Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен тыс қалып отырғанын білдіреді. Яғни спутниктік тәрелкелер қойылып, төлем QIWI-әмиян арқылы жасалады, сонымен қатар төлемдер оффшорлық компаниялар арқылы да іске асырылуы мүмкін. Олар құқықтық кеңістіктен тыс. Бұл заң жобасында біз «сұр тәрелкелерді» таратушыларды құқықтық кеңістікке кіргізіп жатырмыз. Өкінішке қарай, осыған дейін аталған құрылғыларды реттейтін ешқандай норма болмады. «Сұр тәрелкелерді» орнатқан азаматтарға ешқандай әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды. Бұндай шаралар бұл құрылғыларды тарататындарға қатысты болады. Осы орайда біз оларды құқықтық кеңістікке шығарамыз», - деп түсіндірді министр.

Соңғы жаңалықтар