Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі әлдеқайда ашық болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мен реттелмелі нарықтар мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтыруар енгізу туралы» заң аясында монополистердің қызметінің ашықтығын арттыру қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды primeminister.kz.
None
None

Бұл туралы бүгін «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы табиғи монополиялар саласының ұзақ мерзімді, сапалы, тиімді инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу» атты және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту мәселесіне арналған семинарда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

«Субъектілердің тариф қалыптастыру қызметінің ашықтығы арттырылады, яғни табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі туралы мәлімет кеңейтіледі, ол интернет-ресурстарда жарияланады», - деді С.Жұманғарин.

Осылайша, Комитет басшысының айтуынша, жаңа заңнама аясында монополиялық жағдайдағы кәсіпорындар қызметіндегі әкімшілік кедергілер төмендетіледі, инвестициялық бағдарламалар мен табиғи монополиялардың басқа да міндеттердің орындалуын бақылау күшейтіледі, бәсекелестік қызметті ынталандыруға жағдай жасалады.

Бұдан өзге, ведомство басшысы жылумен қамту секторын реформалау бойынша Кешенді жоспарға және өңірлерге газдандыру бойынша меморандумдарға сәйкес жұмыс барысы туралы айтты, таяу 5 жылға тариф қалыптастырудың индикативті жоспары жасалған.

«Біз биыл Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарын белсенді газдандырумен айналысып жатырмыз, бұйрықтар жасалды. Кеше Қызылорда, Ақтөбе облыстары бойынша газдандыру бұйрықтарына қол қойдық, биыл алда Маңғыстау облысы бар. Келесі жылға тағы 5 облыста іске қосамыз. Үлкен жұмыс жасалып, жүздеген мың адам газбен қамтамасыз етіледі, жүздеген мың шақырымға желілер тартылады», - деп толықтырды ол.

2015 жылдың 5 мамырында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мен реттелмелі нарықтар мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Жаңа түзетулер ағымдағы жылдың 17 мамырында күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар