Қазақстанда тағы 11 жолдың құрылысы басталады
«Ағымдағы жылда біз тағы төрт жолдың құрылысын бастаймыз. Олар - Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскесен-Бақты және Үшарал-Достық. Бұдан бөлек, xалықаралық қаржы институттарының қаржысына жеті жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Заемның жалпы көлемі - 1,8 млн доллар. Аталған жолдардың жалпы ұзындығы - 1422 шақырым. Мәселен, Азия Даму банкінің есебінен Қандығаш-Мақат пен Жетібай-Жаңаөзен, Дүниежүзі банкінің ақшасына Құрты-Бурылбайтал, Ұзынағаш-Отар мен Балқаш-Бурылбайтал, ал Ислам даму банкінің қаржысына Ақтөбе-Қандыағаш пен Атырау-Астраxань жолдарында тиісті жұмыстар басталады», - деді Пішембаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Комитет басшысының айтуынша, ағымдағы жылы Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавловск пен Орал-Каменка жолдарының құрылысы жалғасуда. Ол үшін 356,2 млрд теңге бөлінді. Жылдың аяғына дейін барлығын қосқанда, 600 шақырым жолдың жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. «Бейнеу-Ақтау мен Алматы-Талдықорған толығымен аяқталады», - деп атап көрсетті Пішембаев.