Қазақстанда тағы 212 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда тағы 202 адамнан коронавирус індеті анықталды, сондай-ақ 10 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы 212 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 2731 науқас (коронавирус (КВИ+) –2 552, пневмония (КВИ-) – 179) ем қабылдауда. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472-сі амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 29 желтоқсандағы тәулік ішінде вирус 240 адамнан анықталған еді. Оның ішінде 211 - коронавирус, 29 пневмония жағдайлары.