22:51, 05 Мамыр 2020 | GMT +5
Қазақстанда тағы 26 адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 26 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда сағат бүгін сағат 22:50-дегі жағдай бойынша, Алматы қаласында - 16, Қызылорда облысында- 1, Алматы облысында - 3, Атырау облысында- 3, Жамбыл облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған.
Осылайша еліміз бойынша індетті жұқтырғандар саны 4205-ке жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы – 732
Алматы қаласы – 1372
Шымкент қаласы – 216
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 163
Алматы облысы – 163
Атырау облысы – 209
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 160
Батыс Қазақстан облысы – 199
Қарағанды облысы – 168
Қостанай облысы – 53
Қызылорда облысы – 217
Маңғыстау облысы – 85
Павлодар облысы – 152
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 155