10:01, 24 Мамыр 2022 | GMT +6
Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның екеуі - Алматыда, біреуі - Ақтөбе облысында және тағы біреуі Алматы облысында тіркеліп отыр.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 701 жетті.