Қазақстанда тағы 58 адам коронавирус жұқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 қазандағы мәлімет бойынша 1 075 адам коронавирус инфекциясынан (–933 + және 142 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы 58 адам коронавирус жұқтырды

Коронавируспен ауыратын 106 пациент стационарда, 969 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 13 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 838 699 адам, II компонентін 10 598 498 адам салдырды. Ревакцинацияланды – 5 570 033 адам.