Қазақстанда тағы бiр клиника халықаралық JCI стандартына ие болды

АСТАНА. 30 сәуiр. ҚазАқпарат - Астанадағы "Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы" АҚ Халықаралық Бiрiккен Комиссияның (Joint Commission International, JCI) сертификатына ие болды.
None
None

"JCI стандартына ТМД елдерiнде тек 3 клиника қол жеткiздi. Соның iшiнде екеуi қазақстандық клиникалар. Аталған сертификаттардың берiлуi бұл клиникалық орталықтардың жоғары халықаралық қауiпсiздiк және сапа стандарттары бойынша қызмет ететiндiгiн көрсетедi және АҚШ-тың өзiнде мойындалады. Бүгiнде дүниежүзiнің 90-нан астам елiнде 450-ге жуық медицина ұйымы JCI аккредитациясын алды. Сапа сәйкестiгiн бағалау үдерiсi аса ауыр әрi ұзақ уақыт алады. Стандарттарды алуға шамамен 2,5 жыл кетедi. Бұның алдында JCI Қазақстанда "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы алған болатын", - дедi сертификатты табыстау салтанаты барысында "ҚазАқпарат" тiлшiсiне берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Ербол Орынбаев.

Назарбаев университетiнiң ректор-президентi Шигео Кацудың айтуынша, аккредитация мәртебесi ұйым JCI аудиторлар тобының тексеруне сәйкес халықаралық стандарттардың 1200 талабына сәйкес келген жағдайда ғана берiледi.

"Аккредитация сертификаты үш жылға жарамды. Содан кейiн аккредитация туралы шешiм қабылдаумен қайтадан бағалау жүргiзiледi. Осылайша, JCI стандарттарына сәйкес, клиника қызметкерлерi үнемi өз жұмыстарын жақсартып отырулары қажет", - дедi Ш.Кацу.

Соңғы жаңалықтар