Қазақстанда тағы бір пойызда әйелдер вагоны қатынай бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында әйелдер вагоны қатынай бастады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бұл пойыздың тоғызыншы вагоны енді әйелдерге қызмет етеді. Онымен жүретін қыз-келіншектер өзімен бірге тек жеті жасқа дейінгі ер балаларын алып шығуына болады.

«Қызыма кейде амалсыздан ұшаққа билет алатынбыз. Оның да бағасы удай қымбат болған соң, көбіне плацкарт вагонмен жіберетін едік. Бір рет те купемен жүріп көрмепті. Қыз баланы уайымдаймыыз, ылғи ер азаматтардың ортасына түсе ме деп, түрлі адам бар бүгінде... Сондықтан мына хабарды естіп, билет алғанша асықтық», – дейді маңғыстаулық Мария Жұмаева.

Бұл вагонда жолаушыларға өзге вагондардағы сияқты екі жолсерік қызмет көрсетеді. Біреуі – Алматы-Маңғыстау, Маңғыстау-Нұр-Сұлтан, Маңғыстау- Астрахан, Маңғыстау-Қоңырат бағыттары бойынша 26 жылдық еңбек өтілі бар Нұрсұлу Қабдрахманова.

«Осымен екінші рет жолға шығуымыз. Вагонда қырық орын болса, соның отыздан астамы Маңғыстау станциясынан толды. Жол бойы түсетін, мінетіндер көп. Жалпы, вагонға сұраныс жақсы», – дейді жолсерік.

Еске сала кетсек, бұл – Қазақстандағы екінші әйелдер вагоны. Қазан айынан бері Маңғыстау-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының жетінші вагоны қыз-келіншектер үшін қызмет көрсетуде.


Соңғы жаңалықтар