Қазақстанда таксиге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізу мәселесі көтерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин таксиге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізуді ұсынды.

Қазақстанда таксиге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізу мәселесі көтерілуде

«Бүгінде әлемде такси компаниялары ұялы телефон қосымшасы арқылы жұмыс жасайды. АҚШ-та, Ресейде, Еуропада таксиді интернет, ұялы телефон қосымшалары арқылы шақырады. Оның үстіне тұтынушылар таксиге қолма-қол ақшамен төлемейді», - деді Д.Ерғожин.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар ондай жаңашылдықтардан мақрұм қалып отыр.

«Біз болсақ, әлі күнге дейін қол көтереміз, звондаймыз, қолма-қол төлеп келе жатырмыз. Сондықтан біз Астанаға сол компанияларды шақыртып, бізде өздерінің қосымшаларымен барлық тұлғаларды қамтыса, екіншіден, азаматтар таксиге қолма-қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін жасағымыз келеді. Ол өз кезегінде салықтық түсімді көбейтіп, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетеді», - деді ол.