02:20, 10 Маусым 2023 | GMT +5
Қазақстанда талантты жастардан жасақталған шығармашылық взвод құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мамырда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың арасынан шығармашылық взвод жасақталды.

Оның құрамындағы бозбалалар тек ұрыс тактикасына ғана машықтанып қоймай, сонымен қатар ән шырқап, би билеп, мобилография бойынша шығармашылығын шыңдап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық әскери-патриоттық орталық бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ерболат Жүсіповтің айтуынша, мұндай ерекше взводты құру - шығармашылық жастардың дамуы үшін бірегей мүмкіндік.





Орталық басшысының орынбасары Ерболат Жүсіповтің сөзінше, мұндай ерекше взвод қатарына қабылданған сарбаздардың ата-аналары да ризашылығын білдіруде. Өйткені, олар әскер қатарында жүріп, өздерінің сүйікті істерінен қол үзбейді, керісінше жетіліп, дами түседі.


