Қазақстанда тапсырыспен кісі өлтіруді жоспарлаған украиналық жендет ұсталды - ІІМ

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанның криминалды полиция қызметкерлері республика аумағында тапсырыспен кісі өлтіруді жоспарлаған Украина азаматы Солосенконы ұстады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада апталық брифингте ІІМ-нің Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов хабарлады.

Солосенкоға Украинада кісі өлтіргені үшін 1 жыл бұрын халықаралық іздеу жарияланған. Украинаның ІІМ-нің берген ақпараты бойынша, Қазақстанның Криминалдық полициясы оны қолға түсірді.

«Ол Қазақстан республикасы аумағында тапсырыспен кісі өлтіруді жоспарлаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», деді Б. Біләлов.

Соңғы жаңалықтар