Қазақстанда тауар импортының қысқаруының басты себептері қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның тауар импортының қысқаруының басты себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауар экспорты 45,5 млрд АҚШ долларына дейін, яғни 21,7%-ке қысқарады. Қысқаруға мұнай мен металл бағасының төмендеуі, сондай-ақ OPEC+ мәмілесінің талаптарын сақтауға байланысты мұнай өндіру көлемінің азаюы ықпал етеді. Бұл ретте экспорттың төмендеуі шикізат секторында жұмыс істейтін шетелдік тікелей инвесторларға төленуге тиіс кірістің қысқаруымен ішінара өтеледі», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тауар импорты да экспортпен салыстырғанда (-15,5%-ке) қысқарып, 33,8 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Бұл Covid-19 таралуы салдарынан халық пен бизнестің төлем жасау сұранысының төмендеуіне, сондай-ақ мұнай-газ секторында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының жоспарлы түрде төмендеуіне байланысты. Төлем балансының ағымдағы шоты жағдайының бұдан былайғы динамикасы шикізат нарықтарындағы жағдайға, кейінге қалдырылған сұранысқа және 2020 жылы «тоқтаудан» кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге байланысты айқындалады», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар