Қазақстанда тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетулердiң жергiлiктi үлесi 62 пайыздан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетулердiң жергiлiктi үлесi 62,6 пайызға жеттi. Бұл туралы бүгiн Астанада "Қазақстандық өнiм жасаймыз" атты V форумында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жауапты хатшысы Бейбiт Атамқұлов мәлiм еттi.
"2013 жылдың қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетулердiң жалпы көлемi шамамен 8 трлн. теңге болды. Соның iшiнде 5 трлн. теңгесi отандық кәсiпорындардың үлесiнде. Тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетулердiң жергiлiктi үлесi 62,6 пайызға жеттi. Соңғы үш жылда отандық өнiмдердiң көлемi ақшалай көлемде 1 трлн. 701 млрд. теңгеге өскен", - деп атап өттi жауапты хатшы.
Оның айтуынша, мұндай жағымды динамикаға мемлекеттiң ұтымды саясаты, нормативтiк-құқықтық базаның жетiлдiрiлуi, елдегi индустрияландыруға бағытталған шешiмдерi, мемлекеттiк сатып алуларға оң әсер ететiн интернет ресурстарды дамыту әсер етiп отыр. "Қазiргi таңда ұлттық компаниялар отандық кәсiпорындармен 800-ден астам ұзақмерзiмдi келiсiмшарттар жасасқан", - дедi ол.