Қазақстанда тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығымен ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.
None
None

Қазақстан Республикасы Энергетика министр і нің бұйрығы

Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының iшкi нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң 2015 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым кезеңіне арналған шектi бағалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10051 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №224 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының ішкi нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң 2015 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым кезеңіне арналған шектi бағасы

Р/с № Өңір Қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен 1. Алматы қаласы 15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) 2. Алматы облысы 15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) 3. Оңтүстік Қазақстан облысы 14 616 (он төрт мың алты жүз он алты) 4. Жамбыл облысы 14 310 (он төрт мың үш жүз он) 5. Қызылорда облысы 5 705 (бес мың жеті жүз бес) 6. Батыс Қазақстан облысы 10 961 (он мың тоғыз жүз алпыс бір) 7. Ақтөбе облысы 4 105 (төрт мың бір жүз бес) 8. Атырау облысы 5 439 (бес мың төрт жүз отыз тоғыз) 9. Қостанай облысы 15 748 (он бес мың жеті жүз қырық сегіз) 10. Шығыс Қазақстан облысы 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) 11. Маңғыстау облысы 11 164 (он бір мың бір жүз алпыс төрт)

Соңғы жаңалықтар