14:58, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Қазақстанда тәуелсiздiк жылдары алғаш рет театр өнерiне қатысты ғылыми еңбек жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тәуелсiздiк жылдары алғаш рет театр өнерiне қатысты ғылыми еңбек жарыққа шықты. ҚР Президентi Әкiмшiлiгi Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушiсi Нәзипа Шанаи мәлiм еттi.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында М. Әуезов атындағы Өнер институты «Қазақстанның сахна өнерi» атты ұжымдық монографияны шығарды. Бұл - тәуелсiздiк жылдары тұңғыш рет театр өнерiне қатысты шығып отырған ғылыми зерттеу. Туынды өте қызықты, өйткенi осы бағытта зерттеу жасап жүрген аспиранттарға, ғалымдарға өнер тарихын зерттеуге мүмкiндiк бередi», - дедi ол.
Оның сөзiне қарағанда, бұл шығарма қарапайым оқырмандардың да қызығушылығын тудырады.
«Мұнда театр тарихы ғана емес, халыққа рухани азық беретiн кейбiр өнер бағыттарының қызықты тұстары да қамтылып отыр», - деп түйдi сөзiн Н.Шанаи.