Қазақстанда таяу болашақта инфляциялық қысымның өсімі күтіліп отырған жоқ - Ұлтық банк төрағасы

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда таяу болашақта инфляциялық қысымның өсімі күтіліп отырған жоқ.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2009-2010 жылдары Ұлттық банк үшін елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады, бұл ақша-несие саясатын жұмсартуды меңзейді. Біз инфляцияны тежеу бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет деп санамаймыз, өйткені таяу болашақта инфляциялық қысымның өсімі күтіліп отырған жоқ», деді Ә. Сәйденов. «Біз екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді ликвидтілікті ұсыну саясатын жалғасыратын, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз ету тізімін одан әрі кеңейту, банктерге кепілсіз кредиттер беру, банктерде Ұлттық банктің және біз басқаратын ұйымдардың активтерін орналастыру мәселесін қарастыратын боламыз», деп толықтырды сөзін ол. Оның айтуынша, кепілдендірілген міндеттемелер жүйесін әзірлеп, енгізу олардың арасындағы сенімсіздік деңгейін төмендетуге, банкаралық рынок арқылы ресурстарды қайта бөлуге, қысқа мерзімді ақша рыногының операцияларына қолжетімділікті іске асыруға ықпал ететін болады. «Бұл ретте Ұлттық банк ақша ұсыныстарын үдетуге ұмтылмайды. Екінші деңгейлі банктермен операциялар көлемі әрбір банктің жеке капиталының 50 пайыз мөлшерінен аспайтын болады», деді Ә. Сәйденов.
Соңғы жаңалықтар