Қазақстанда таяу күндері бұрқасын болып, күшті жел тұрады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде қалың қар түсіп, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлады 28-30 қаңтардағы ауа райын болжай отырып «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанда таяу күндері бұрқасын болып, күшті жел тұрады - Қазгидромет

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында циклонның өтуімен және атмосфералық ағындарға байланысты қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Жолдың көрінуі 500 метрге дейін нашарлайды, жел 15-20, екпіні 25-28 м/с-ға жетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылбысқы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ орын алып, температура төмендейді.