Қазақстанда тазарту өнімдерінің өндірісі 91,1% артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бергі төрт айда Қазақстанға 3,3 млн тонна тазарту өнімдері импортталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«2023 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 0,9 тонна тазарту пасталары, ұнтақтар, өзге де тазалау құралдары өндірілді. Осылайша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 91,1% құрады.

Дегенмен, нарықта импортталған өнімнің үлесі басым. Мәселен, биылғы жылдың төрт айында 3,3 миллион тоннадан астам паста, ұнтақ және тазарту құралдары әкелінді», - делінген статистика хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар