Қазақстанда техникалық реттеуде мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Қазақстанда техникалық реттеу және метрология саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді.

Қазақстанда техникалық реттеуде мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді

«Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту шеңберінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтің стандарттары қайта қаралып, бекітілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 8-ден 3-ке дейін қысқартылды, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 7-ден 2-ге дейін, ал қызмет көрсету мерзімі 20 күннен 15 жұмыс күніне дейін азайтылды. Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу мерзімі 20 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деп атап өтті ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көрсетілетін үш мемлекеттік қызметті 2016 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін толықтырулар қабылданды.

Бүгінгі күні көрсетілетін екі мемлекеттік қызмет: сарапшы-аудиторларды аттестаттау, мемлекеттік рәміздерді дайындауға арналған лицензия беру электрондық портал арқылы көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинеті арқылы жүгініп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушылар үшін www.memst.kz сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, рұқсат беру құжаттарының паспорттары орналастырылған.