Қазақстанда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік құрылмақ

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құруға қажетті барлық ресми рәсімдер ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады.
None
None

Бұл туралы бүгін «BNews.kz» порталында болған баспасөз мәслихатында «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов мәлім етті.

2010 жылы ҚР Үкіметі Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған инновациялық даму және технологиялық жаңғыртуды қолдау бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберінде елде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құру жоспарланған болатын. Ол республикада инновациялық даму үдерістерін үйлестіретін және осы салаға мемлекеттік қолдау көрсететін жалғыз оператор болады деп межеленуде.

«Бұл кәсіпорын «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының және оның еншілес компаниясы - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ базасында құрылады. Қазіргі уақытта ресми мәселелер, акциялар, мүліктер, активтер нақтыланып жатыр. Іс жүзінде біз аталмыш агенттік есебінде жұмыс атқарудамыз, ал барлық ресми процедуралар, меніңше қыркүйек айында аяқталуы тиіс»,-деді А. Күлсейітов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум