Қазақстанда тек 50 университет қана қалады - министр Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде ғылыми-зерттеу университеттері мен институттардың рөлі артып келеді. Осыған орай қазіргі кезде арнайы жұмыстар атқарылып, алдағы уақытта 20 университетке инновациялық дәреже беру көзделіп отыр.

Қазақстанда тек 50 университет қана қалады - министр Б. Жұмағұлов

Бұл туралы бүгін ғылым күні қарсаңында өткен мерекелік жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, қазірдің өзінде министрлік осы мәселе бойынша жұмыс істеп, жоғары оқу орындарының дайындығына қарай Қазақстанда тек 50 университетті ғана қалдыруды жоспарлап отыр. «Біздің ойымызша, 34 академия және 20-ға жуық институт болмақ», - деп атап көрсетті министр.