Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығы 619 млрд теңгеден асты - Д. Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығы 619 млрд теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
None
None

Министр бүгінде еліміз осы саланы дамытуға айрықша назар аударып отырғанын айта келе, осы ретте 21 ғасырда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе технологиялық ілгерілеу деңгейіне байланысты екенін, «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында бұл бағытта елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Халықты мобильдік байланыспен, кең жолақты интернетке қолжетімділікпен, сандық эфирлік хабар таратумен кеңінен қамту қамтамасыз етілді.

«Бүгінде телекоммуникациялық қызметтер нарығы маңызды секторлардың бірі болып отыр, сондай-ақ экономиканың көптеген салалары үшін айрықша маңыздылыққа ие. Оның көлемі 619 млрд теңгеден асты. Осы бағытта кеңінен қатысуы,  іске асырылып отырған жобалар мен орындалған мақсаттар тұрғысында «Қазақтелеком» саланың флагманы болып табылады», - деді Д. Абаев.

«Компания жұмысының ашықтығы ұстанымдарын сақтау қажеттігін атап өткім келеді. Өз кезегінде Министрлік өкілетті орган ретінде нарықтың барлық қатысушыларына теңдей мүмкіндіктер үшін жағдайды құра отырып, саланы дамытуды ары қарай да ынталандырады», - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар