Қазақстанда темекі қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 2018 жылы - 340 теңге, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 380 теңге болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Биыл 25 қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің №587 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 «Сүзгімен, сүзгісіз және папирос сигареттерінің ең төменгі бөлшек бағаларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын бекітті.

Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанда темекілердің ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай: 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда 320 теңге; 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 340 теңге, 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін 360 теңге; 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 380 теңгені құрайды.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енеді. 

Соңғы жаңалықтар