Қазақстанда темекі плантацияларында балалар еңбегінің пайдалану оқиғалары анықталды

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Биыл да Қазақстанда темекі плантацияларында маусымдық жұмысқа тартылатын көптеген еңбек мигранттары алдау мен пайдаланудың құрбаны болуда,
None
None

сондай-ақ балалар еңбегі пайдаланылуда. Өткен 2009 жылы біз темекі плантацияларында жүйелі еңбекақы төлемеуден бастап, мәжбүрлі жұмысқа тартуға дейінгі заң бұзушылықтардың орын алғанын анықтап, балаларды жұмысқа тартуға қатысты 72 жағдайды тіркеген едік. Биылғы біздің зерттеу барысында Еңбекші қазақ ауданындағы барлық плантацияларда темекімен жұмыс істеудің жоғары қауіптілігіне қарамастан балалар еңбегінің пайдалану жағдайы тағы да анықталды. Бұл туралы бүгін Алматыда "Қазақстан: темекі плантацияларында еңбек мигранттарын пайдалану және алдау" деген атпен өткен арнайы баспасөз мәслихатында Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бөлімнің аға ғылыми қызметкері Джейн Бьюкенен мәлім етті.

Оның айтуынша, бұған халықаралық темекі алпауыты Philip Morris International (PMI) компаниясының еншілесі - Филип Моррис Қазақстан компаниясына (ФМҚ) темекі шикізатын жеткізуші кейбір жекелеген темекі шаруашылығының қожайындарының алақолдығы себеп болуда. "Өткен жылы компаниядағылар анықталған заң бұзушылықтарды түзеу және келешекте оларды болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдауға уәде еткенімен, биылғы жылғы зерттеу жағдайдың онша өзгере қоймағандығын көрсетті", деп атап өтті ол. Оның айтуынша, Филип Моррис компаниясы шикізат өндірудің барлық кезеңдеріндегі заң бұзушылықтарды жоюда үлкен рөл атқара алады.

Оның пікірінше, Қазақстан Үкіметі еңбек заңдарын қатаң бақылауы тиіс, алақол жұмыс берушілерді жауапкершілікке тартып, келіп түскен шағымдарды жедел және тиімді тексеруі тиіс. "Сонымен қатар, үнемі тәуелсіз мониторинг және жүйелі жұмыс жүргізу қажет", деп санайды Джейн Бьюкенен.

Ол сонымен қатар, "Қазақстанға адамның миграциялық немесе еңбек мәртебесіне қарамастан заң бұзушылық құрбандарын қорғау бойынша халықаралық-құқықтық міндет жүктеледі. Үкіметке мигранттардың ешқандай құқығы жоқ секілді кейіп танытуды доғаратын және алақол жұмыс беушілерге қатаң шаралар қолдануды қолға алатын кезі келді", - деп атап өтті.

Сараптамалық бағалау бойынша, Қазақстанға жыл сайын 300 мыңнан 1 миллион дейін еңбек мигранттары келеді. Олардың көбісі виза қажет етпейтін ТМД елдерінен. Оның басым бөлігі Қырғызстаннан келіп, темекі шаруашылығына маусымдық жұмысқа орналасады.

Соңғы жаңалықтар