Қазақстанда темекi шегетiндердiң саны белгiлi болды

"GATS зерттеуi ересек тұрғындар арасында темекi тұтыну және оған бақылау жасау жөнiнде жалпыұлттық iрiктеу мәлiметтерiн алуға бағытталған. Барлығы 4425 адам сауалнамаға қатысты. Олардың iшiнде 2085-і - ерлер, 2340-ы - әйелдер. Зерттеу нәтижесi бойынша ерлердiң 42,4 пайызы темекi шегедi, ал әйелдердiң үлесi бiршама төмендеу - 4,5 пайыз. Жалпы Қазақстан халқының 22,4 пайызы немесе 2,8 миллион адам темекi өнiмдерiн тұтынады", - дедi ол.
Тағы бiр қызығы темекiнi үзбей шегушi 10 адамның iшiнде тек бiреуi темекi шегуден бас тарта алған. Ал олардың алтауы шылым шегудi тастауды жоспарлап отыр. Дегенмен ол әркiмнiң қолынан келе бермейдi. Темекi шегушi 10 адамның 3-еуi соңғы 12 айда шылымнан бас тартып көрмек болған.
Айта кетейiк, Қазақстан 2004 жылы ДДҰ Темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясына қосылды. Қазақстанға дейiн GATS темекi тұтыну көрсеткiшi жоғары әлемнiң 19 елiнде өткiзiлдi. ДДҰ мәлiметтерiне сәйкес, әлем бойынша жыл сайын 6 млн. жуық адам темекнің зардабынан көз жұмады.