Қазақстанда темір жол арқылы жолаушылар, жүк пен қолжүкті тасымалдауға қатысты жаңа ереже күшіне енеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасында жолаушыларды тасымалдау, жүк пен қолжүкке қатысты жаңа ереже күшіне енеді.
Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережесіне сәйкес, жолаушылар пойызында жүк пен қолжүк туралы ақпараттар міндетті түрде Мультимедиялық құралдар арқылы жеткізілетін болады. Айталық, пойыз бағытының кестесі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, пойыздың бағдар бойынша тоқтау бекеттері туралы, қызмет көрсету, жолаушылар пойызындағы негізгі жағдайлар туралы, ойын-сауық бағдарламаларын біліп отыру қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, аталмыш құрылғыларда қызмет көрсетуші мен жолаушының міндеттері туралы ақпараттар қолжетімді болады. Онда қызмет көрсету сапасы туралы пікірлер мен ұсыныстарды жазып қалдыруға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, аталмыш Ережеге сәйкес, жол жүру құжаттарын (билеттерді) сататын интернет-ресурстарда пойыздың сапасы туралы, вагондардың қай жылы шыққаны жөнінде, әр вагонда ауа баптағыш жүйесінің жайы, пойыздың санаты туралы, жолаушылар пойызында қоғамдық тамақтану орнының болуы, жүк вагонының бар-жоғы, вагонның ішкі жағдайы (фотоматериал арқылы), қосымша қызметтердің көрсетілуі туралы толық ақпарат берілетін болады.
Осыған байланысты әр жолаушы билет сатып алмас бұрын пойыздың сапалық деңгейіне мән беріп, алдын ала пойыз жайында ақпарат ала алады.
Аталмыш функционал epay.railways.kz сайтындағы «сипаттама» деп аталатын қосымшада бар.