Қазақстанда темір жол қызметін пайдаланушылар артып келеді
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметі бойынша жыл басынан бері 13 730 131 адамға қызмет көрсетілді.
ҚТЖ мәліметіне қарағанда, 2011 жылы осы аралықта 12 293 332 жолаушы тіркелді. Осылайша, темір жол көлігінің қызметін пайдаланушылардың саны 11,7 пайызға өсіп, 1 436 799 адамға артқан.
Бұл өз кезегінде жаңа бағдарлардың ашылуы, тиімсіз бағдарларды алып тастау, пойыздардың жол жүру уақытын қысқарту, жылжымалы құрамды жаңғырту, билет сатудың электронды жүйесін өндіріске енгізу арқылы сервистік қызмет көрсету сапасын жақсартуды жолға қойды.