Қазақстанда теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің туғанына 100 жыл толуына орай турнир өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстандағы теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің туғанына 100 жыл толуына орай «Вельц мемориалы» турнир өткізілмек. Бұл туралы Қазақстан Теннис Федерациясы хабарлады.

Қазақстанда теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің туғанына 100 жыл толуына орай турнир өтеді

Балалар арасында өтетін халықаралық спорттық сайыс 6 қаңтарда ЦСКА теннис кортында басталады.

Қазақстан Теннис Федерациясының шақыруымен турнирге Августин Вельцтің шәкірттері, алыс-жақын шетелдегі спортшылар, Молдовадан КСРО спорт шебері Рудь Алексей, Украинадан Мавродий мен Ольга Никитичналар, Италиядан Максимова Лилия, Израильден Ставбунский Михаил, сондай-ақ, қазақстандық спортшылар, қайраткердің баласы - Вельц Владимир, немересі Вельц Алиса, Венина Алла, Баширова Венера, Ткаченко Марина, Ковалев Валерий, Литвинов Валерий қатысады», - делінген хабарламада.

«Вельц мемориалы» балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан Теннис Федерациясы бұл игі дәстүрді бұдан әрі жалғастырмақ.