Қазақстанда терроризмді қаржыландырып жүрген ұйымдардың тізімі жасалып жатыр

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда терроризмді қаржыландырған ұйымдардың тізімі жасалатын болады.

Қазақстанда терроризмді қаржыландырып жүрген ұйымдардың тізімі жасалып жатыр

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлімдеді.

И.Меркельдің айтуынша, Бас прокуратура бұндай тізімді құқық қорғау органдарының мұқият тексерулерін негізге ала отырып жүргізетін болады. Осыған орай, Бас прокурордың орынбасары қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

«Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті құрылған 2008 жылдан бері қарай қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін ұйымдар мен тұлғалар туралы 190 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Құқық қорғау органдарының 110 сауал жасауы бойынша жекелеген қаржы операцияларының түп-төркіні түгел тексеріліп, қадағаланып, соған орай сәйкес шаралар қабылданған.  Жалпы әлемдік қаржылық бақылаудың бөлімшелерінің арнайы бірлестіктеріне енгеннен соң, қаржы мониторингі комитеті террористердің еліміздегі, сондай-ақ шетелдердегі қаржы мекемелері арқылы жасалатын кез келген трансакциясын бақылаудың айтарлықтай мүмкіндігіне ие бола алады», - деді И. Меркель.