Қазақстанда терроризмге қарсы күрестің жаңа тұжырымдамасы қабылдануы керек - Ғ. Қасымов

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда терроризмге қарсы күрестің жаңа тұжырымдамасы қабылдануы керек. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысындағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Ғани Қасымов осыны мәлім етті,

Қазақстанда терроризмге қарсы күрестің жаңа тұжырымдамасы қабылдануы керек - Ғ. Қасымов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан терроризмге қарсы бірлесіп күресу жөніндегі көптеген халықаралық актілерді қабылдады, біршама осындай мазмұндағы шарттарға  қосылып отырмыз. Бірақ, бұдан жағдайдың өзгеретініндей мәселе аңғарылуы тиіс. Бұл ретте еліміздің барлау қызметі, Сыртқы істер министрлігінің қызметтері, сыртқы саясат бөлімшелері ақпаратты жеткізу көздері болып, ширақ қимылдауы шарт. Егер біздің қолымызда осы бағыттағы ақпараттық база болмаса, онда терроризмнің алдын алу да құрғақ сөзге айналады. Сондықтан да, мүдделі мемлекеттік органдар ең алдымен терроризмнің алдын алу мәселесіне жұмылулары қажет. Осы ретте Қазақстан терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаңа тұжырымдамасын қабылдауы керек», деді Ғ. Қасымов.

Сенатордың айтуынша, бұл тұжырымдамада Қазақстан 2010 жылдан бастап әртүрлі салада жаңа қадамдар жасайтыны ескеріліп, негізгі басымдықтары көрсетілуі керек. «Бұл бір ғана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәселесі емес, мемлекет мүддесі», деді Ғ. Қасымов.