Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 4,4 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 353 мың 833 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. Соның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар заңды тұлғалар саны 336 мың 422 бірлік болса, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 197 мың 829-ны құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 16 трлн. 358,4 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,7 пайызға артты. Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 256,8 млрд. теңгені құраған. Сондай-ақ, 2014 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 110 млрд 588,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы каңтар-қарашамен салыстырғанда 9,9 пайызға төмендеді. Оның ішінде экспорт - 73269 млн. АҚШ долларын (6,7 пайызға аз), импорт - 37319,6 млн. АҚШ долларын құрады (15,6 пайызға аз).

Бұдан бөлек, тұтыну бағасының индексі 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 8 пайыз, азық-түлік емес тауарларға - 7,8 пайыз, халыққа арналған ақылы қызметтерге - 6,4 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 1,6 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар