Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны былтырмен салыстырғанда 4 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 355 мың 808 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4 пайызға артты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Тіркелген заңды тұлғалардың ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан кем болатын заңды тұлғалар саны 346891 бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, нақты жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 199104-ті құрады, оның ішінде 190636 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) болып табылады.

Мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2 пайызды құраған. Ал осы кезеңдегі бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 857,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті. Сонымен қатар, тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101 пайызды құраған. Азық-түлік тауарларына бағалар - 1,4 пайыз, халыққа арналған ақылы қызметтерге - 2,1 пайызға өсіп, азық-түлік емес тауарларға - 0,6 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар