Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 73,5 пайызға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 812 536 жеңіл көлік тіркелген, бұл былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 73,5 пайыз көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 73,5 пайызға өсті

Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдер саны 4047,8 мың бірлікті құраған. Есептік кезеңде 14 231 жол-көлік апаты тіркелді, бұл бұған дейінгі жылға қарағанда 8,4 пайыз аз. Бұл ретте жол-көлік апаттарынан 20 232 адам зардап шеккен.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 19,8 млрд теңгеге 53 954 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Автор: Асхат Ахметбеков