Қазақстанда тыйым салынған есірткілер тізімі жаңарды

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы уақытта нашақорлар дәріханалардан шықпайтын болды. Олар түрлі дәрілерден қоспа жасап, есірткі орнына пайдаланатын болған. Осыған байланысты елімізде бақылауға жататын есірткі мен психотропты заттардың тізімі жаңарып отыр.

Өзбекстан Бас прокуратурасы «Антиструмин» препаратына қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады
Фото: ӨзА

Үкіметтің қаулысына сәйкес, төмендегі дәрілер есірткі тізіміне енді:
Брорфин;
Пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил);
Метонитазен.

Ал «Психотропты заттар» тізіміне 3-метоксифенциклидин және эутилон қосылып отыр.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға жататын есірткі мен «психотропты заттар» тізімі де жаңарғанын атап өткен жөн.

Олар:
Клоназолам;
Диклазепам;
Флубромазолам.
Үкіметтің қаулысы 2024 жылдың 6 ақпанында күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар