Қазақстанда ТКШ секторында энергия үнемдеудің салалық жоспары жасалды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері жөніндегі агенттік  материалдарға,  жабдықтар мен әдістемелерге  қойылатын жаңа талаптарды қамтитын және сектордағы жылу үнемдеу мәселесіне бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық  және нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеуде.
None
None

Бұл жайында Pm.kz «ТКШ ҚазОрталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

 «Кешенді жоспарды жүзеге асырудың аясында ТКШ секторында энергия үнемдеудің салалық жоспарын  жасау, ТШК жаңғырту бағдарламасы бойынша  терможаңғырту жұмыстарын   жүргізу үшін тұрғын үй  ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени нысандарға энергетикалық  тексеру жүргізу жоспарланып  отыр.Осынау  шаралардың нәтижесінде  бюджеттік  ұйымдарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  барысында энергия тиімділігі  мен терможаңғыртудың  критерийлерін енгізу  туралы ұсыныстар  әзірленеді», - деп  хабарлады орталықтан.

Бұған  қоса, 25  отандық энергоаудит-маманды дайындау  жұмыстары жүргізілуде.  Дайындау жұмыстары  Қазақстанның климаттық  жағдайына бейімделген солтүстік еуропалық «ENSI»  бағдарламасы бойынша қолға алынуда. Оқытылатын мамандар да  іріктелді.

Тағы бір маңызды міндет -  Елбасының тапсырмасы бойынша Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында  үш Энергия үнемдеу  орталығын  салу болып табылады. Ол Орталықтарда алдыңғы қатарлы жабдықтар   орнатылып,  энергия және ресурс үнемдеуші технологиялар мен материалдар қолданылатын  болады.

Соңғы жаңалықтар