Қазақстанда токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет токсикологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді

Токсикологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты барлық кезеңдерде емдеудің сабақтастығын сақтай отырып, химиялық заттармен улану кезінде пациенттерге токсикологиялық көмекті ұйымдастыру принцитері мен тәртібін көздейді.

«Атап айтқанда, химиялық заттармен уланған пациенттерге амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық, стационарлық, жедел медициналық көмек стационарлық, санитариялық авиация деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің нысандары мен госпитальға дейінгі және госпитальдық кезеңдерде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі анықталды», - делінген хабарламада.

Улану кезінде медициналық көмекті ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек көрсету стансалары (шағын стансалар), санитарлық авиация бөлімшесі, аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың клиникалық бөлімшелеріндегі токсикологиялық төсектер; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар құрылымындағы токсикологиялық бөлімшелер (орталықтар) сияқты барлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының тегін көрсетеді.

«Бұдан басқа, осы Стандарт уланудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қөздейді. Яғни, халық пен бейінді емес медицина қызметкерлері ақпараттық-іздестіру токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, улану мәселелері бойынша ақпараттық - консультациялық көмек ала алады. Сондай-ақ авариялық-қауіпті химиялық заттардың шығарылуына байланысты төтенше жағдай болған кезде кезде басқа ведомстволармен және қызметтермен медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау көзделген», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, стандарт медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы химиялық заттармен уланудан болатын өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, «Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі қол қойған және ол 25 ақпаннан бастап күшіне енді.