Қазақстанда төлем нарығы қатысушыларының қызметін реттеу үшін құқықтық негізді құру керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мен төлем нарығы қатысушыларының қызметін реттеу үшін құқықтық негізді құру қажет. Бұл туралы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасына қатысты сауалдарға жауап беру кезінде Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Ерлан Ашықбеков мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезде Қазақстанның төлем нарығында күрделі құрылымдық өзгерістер орын алуда, яғни нарыққа банктік емес ойыншылар кіруде, жаңа буынды төлем қызметтері пайда болуда, халықаралық стандарттарды ескере отырып, төлем жүйелері жұмыстарын ұйымдастыруда қадамдар ауысуда», - деді Е. Ашықбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қолданыстағы заңнамалық база төлем нарығы мен оның барша субъектілері қызметтерін жүйелік реттеуді қамтамасыз етпейді. Мәселен, қолданыстағы заңнама тек банк пен оның клиенті арасындағы қатынастарды ғана қамти отырып, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімдері бойынша нормаларды реттейді.

«Сондықтан да төлем нарығының жұмыс істеуі саласында құқықтық негізді құру мен қатыныстарды кешенді реттеу мақсатында жаңа заң жобаны әзірлеу қажеттегі туындады. Бұл тұрғыда төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімдері бойынша нормаларды жетілдіру ескеріліп отыр»,-деді ҰБ өкілі.

Оның айтуынша, Ұлттық банк осы бағытта арнайы заңдар қабылдаған Еуропалық Одақ елдерінің, Сингапурдың, Англияның және тағы басқа елдердің тәжірибелерін ескерген.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк төлем жүйелері саласындағы есеп-айырысу бойынша халықаралық стандарттарына, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық валюта қоры сарапшыларының 2014 жылы жүргізген Қазақстанның төлем жүйелерін бағалау бойынша ұсынымдарына назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар