Қазақстанда төмен санаттағы астықты экспорттау мүмкіндігі пысықталып жатыр

астыз
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ сапасы төмен астықты экспорттау мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі ерекше жағдайды ескере отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тиісті жұмысты жалғастырып, сапасы төмен бидайды экспорттау мүмкіндіктерін іздестіріп жатыр. Осы өнімді өткізуге қатысты жағдай өте күрделі. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмысты», - делінген аталған корпорациясының Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар қытайлық инвесторлардың ауыл шаруашылығының қай саласына инвестиция салуы мүмкін екені белгілі болды.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвестиция тарту перспективаларына қатысты тоқталсақ, бірінші кезекте қытайлық серіктестер май өңдейтін кәсіпорындарға қаражат салуға мүдделі», - деп аталып өткен хабарламада.

Еске салсақ, Қазақстанда фермерлер сапасы төмен астықтан шығынға батуы мүмкін. 

«Нақтырақ айтсақ, 5,6 миллион тоннаның (сапасы төмен астық) 200 мыңын ғана экспорттайсыздар. Мұның өзінде Қытай осы 200 мың тоннаны нақты алатыны белсіз және бұл көлем жалпы проблеманы шешпейтіні түсінікті. Ал қалған 5,4 млн тоннаны қайда жібереміз? Біріншіден, бұл мәселені тез арада шешпесе, төмен санаттағы осы астық көктеп шығады немесе күйіп кетеді. Біздің есептеуімізше, бұл сапасыз төмен астықтың тоннасы 55 мың теңге болса, қазір шаруалардың қоймаларында 300 миллиард теңгенің өнімі жатыр. Ал екі айда ол жарамсыз болып қалады. Бұл ақшаны шаруаларға кім қайтарады», - деді депутат Серік Егізбаев Мәжілісте өткен жиында.

Соңғы жаңалықтар