Қазақстанда төселген тасжолдың сапасы неге сын көтермейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары аудиторлық палата өкілдері көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларына бөлінген қаражатты игерудегі жүйелі кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Нарықтың отандық жол-құрылыс материалдарымен жеткіліксіз толықтырылуы, битумның сапасының нашар болуы және жолдарды салу мен жөндеудің өзіндік құнына әсер ететін жүк вагондарының жетіспеушілігі бар. Мысалы, 2021 жылы Ұлттық сапа орталығы жол битумының 1400-ден астам сынамасын зерттеген. Оның 300-і сапасы бойынша нормативтердің талаптарына сәйкес келмейді», - делінген палатаның ақпаратында.

Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытының 183 сынамасы, Caspi Bitum-ның 108 сынама, «Қазақбитумның» 7 сынамасы бар.

«Салдарынан асфальт-бетон жабыны тез бұзылады, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі қысқарады», - деп жазылған құжатта.


Соңғы жаңалықтар