Қазақстанда төтенше жағдай кезінде әрекет ету мәселесі қайта қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуді ұйымдастырудағы проблемаларды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының күштік құрылымдардың шешім қабылдау кезінде дербестігін қамтамасыз ету және олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде азаматтық қорғаныс пен әскери бөлімдердің қызметін жетілдіру туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда», - деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға ден қоюды ұйымдастырудағы проблемалар (медицина, әлеуметтік қорғау, құқық тәртібін қорғау, коммуналдық қызметтер, жабдықтау, байланыс, банк жүйесі және т.б. мәселелерді қоса алғанда) халықаралық ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып, құрылатын ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде қайта зерделенбек.

«Сондай-ақ, барлық регламенттерге, алгоритмдер мен процестерге, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар жоспарларына талдау жүргізіледі. Оның ішінде қаржы ресурстары резерві, азық-түлік қоры, дәрі-дәрмек, материалдық-техникалық құралдар қайта қаралады. Сауалда көрсетілген мәселелер егжей-тегжейлі пысықталғаннан кейін ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде төтенше жағдайлар министрлігі қосымша ақпарат ұсынады», - деп түйіндеді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар