Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
None
None

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.

Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады


Соңғы жаңалықтар