Қазақстанда төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың орнын «Азаматтық қорғау» туралы бірыңғай заң жобасы алмастырмақ

ТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлар саласындағы алты заңды біріктіріп, «Азаматтық қорғау» туралы бірыңғай заң жобасын әзірлеп жатыр.

Қазақстанда төтенше жағдайлар саласындағы заңдардың орнын «Азаматтық қорғау» туралы бірыңғай заң жобасы алмастырмақ

«Бүгінгі күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Азаматтық қорғау» туралы біріктірілген заң жобасын әзірлеп жатыр. Ол Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар саласындағы алты заңды біріктіретін болады. Заң жобасын әзірлеу қазіргі заманғы қауіптер мен төтенше жағдайларға қарсы күресті күшейту қажеттілігінен туындап отыр. Бүгінгі күні заң жобасы 17 мемлекеттік органның мақұлдауын алды. Алдағы қыркүйек айында Үкіметке жолданатын болады», - деп атап өтті бүгін Астанада өткен «Төтенше жағдай кезінде басқару саласындағы заңнамалық базаны нығайту» атты өңірлік конференция барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР ТЖМ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заң басқармасының бастығы Тимур Жантеміров.

Т.Жантеміровтың айтуынша, «Азаматтық қорғау» туралы заңы - «Төтенше жағдайлар туралы», «Мемлекеттік материалдық резерв туралы», «Қауiптi өндiрiстiк нысандардағы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Объектілер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы», «
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңдарын біріктіретін болады және онда құзырлы органдардың міндеттері мен жауапкершіліктер айқын жазып-көрсетіледі.

«Аталмыш заңнамалық құжаттар 1996 жылы әзірленген. Ал бүгінгі күні қазіргі заманғы қауіп-қатерлер төтенше жағдайларға қарсы әрекет етуді жетілдіруді және жаңартуды қажет етіп отыр», - дейді ол.

Онымен бірге, ұлттық заң жобасына Орталық Азияда алғаш рет Қызыл ай және Қызыл жарты ай қоғамы туралы жеке бап енгізіліп отыр.

Ведомство өкілінің сөзіне сүйенсек, «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы бүгінгі күні Ресей Федерациясында әзірлену үстінде.