Қазақстанда триатлон құрамасы қалыптастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Altyn Adam Triathlon 2016" чемпионатының қорытындысымен триатлоннан Қазақстан құрамасы қалыптастырылады, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Қазақстанда триатлон құрамасы қалыптастырылады

Қапшағай су қоймасында кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында триатлоннан "Altyn Adam Triathlon 2016" Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа Қазақстаннан, Украина мен Қырғызстаннан 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының триатлоннан Ұлттық құрамасындағы құрметті орын үшін кәсіпқойлар Sprint және Super Sprint қашықтықтарында сайысқа түсті.

 «Бүгін еліміздің Ұлттық құрамасына іріктеу өтті. Біз әлеуетті болашақ чемпиондарды көрдік, біз олардың сайысқа деген жоғары жауапкершілігін сезіндік Мен жас ұрпақтың отандық триатлонның келешегіне, өз жаттықтырушыларына, өз еліне деген сенімі үшін ризамын», -  деді Қазақстандық триатлон федерациясының президенті Мұратхан Тоқмади.

Жарыстар нәтижесімен қыркүйекте команданың түпкілікті құрамы жарияланады. Оның негізінде ҚТФ басшылары мен құраманың бас жаттықтырушысы Әлімбай Дәндібай әрбір спортшыны келесі олимпиадалық ойындарға әзірлеудің жеке жоспарын жасауға кіріседі.

«Біз өтіп бара жатқан жаздың соңғы сөресіне үлкен әзірлік жүргіздік. Олардың көңіл-күйі мен сергектігі - өте жақсы. Жыл асқан сайын жарыстар көбейіп келеді, жарыстарды ұйымдастыру және спортшыларды даярлау сатысы арта түсуде. Біз қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары орындарға үміткер бола алады деп сенеміз. Алда бізді дуатлон күтіп тұр, жарыстар қорытындылары шығарылады», деді Қазақстандық триатлон федерациясының вице-президенті Гаджи Гаджиев.

Қазақстандағы жарыстарға әлемдік триатлон жұлдызы, триатлоннан үш мәрте әлем чемпионы Paul Amey алғаш рет келді.

Спорт әуесқойлары арасында жас адамдармен қатар 60-тан асқан қариялар да бар. Мәселен, «Алтын адам» әуесқойлар чемпионатында ең жас триаnлоншы.Әсият Гаджиева мен Даниил Породнов өз жас санатында бірінші орындарға ие болды.

Қазақстан триатлон чемпионатында  PRO санатындағы Sprint қашықтығында  ерлер арасында Дарын Қонысбаев, Сергей Курочкин, Азамат Кембілов, Виталий Белов жеңіске жетті. Қыздар арасында Екатерина Шатная, Аружан Аманжолова, Әйгерім Шыңғысбек бірінші орындарға ие болды.