Қазақстанда церебралды сал аурына шалдыққан балалар саны 19 мыңнан асады

Елімізде 6,6 млн бала бар. Оның ішінде 19 мыңнан аса бала церебралды сал ауруымен есепте тұр, деп хабарлайды Kazinform.

денсаулық
Фото: pexels

Церебралды сал ауруының негізгі себебі - ұрықтың дамуы кезінде бас миының бұзылуы мен зақымдалуына байланысты болады. Невролог дәрігерлер салмағы шала туған балалардың 20-25% - да сал ауруы пайда болуы мүмкін дейді. Ал ананың құрсағында жатқан шарананың миының дамуындағы өзгерістерді кей жағдайда УДЗ арқылы анықтауға болады. Церебралды сал ауруының алғашқы белгілері дүниеге келген сәби омырауды еме алмайды, аяқ, қолы иегі дірілдейді. Балаға нақты диагнозды анықтап қою үшін дәрігер тексерісінен өту керек. Церебралды сал ауруын емдейтін дәрілік препарат жоқ. Тек реабилитация арқылы баланың жағдайын жақсартуға, қоғамға, ортаға бейімдеуге болады. Сал ауруына шалдыққан баланың жағдайын жақсарту үшін үнемі оңалту шаралы қажет.

Елімізде тегін 55 оңалту орталығы және 3 республикалық деңгейдегі орталық жұмыс істеп тұр. Әлі де реабилитациялық орталықтар ашылады деп жоспарлануда. Ал осы орталықтардан ем алу үшін тұрғылықты емханалардан тегін жолдама беріледі. Ата-ана балада жақсы нәтиже болмаса да реабилитацияны үзбеуі керек. Себебі баланың жағдайын нашарлатып, оның дамуы кері кетеді.

Мүмкіндік болса сал ауруы диагнозы қойылған баланы реабилитациядан қалдырмаңыз. Негізінен церебралды сал ауруының ауыр дәрежесіндегі науқаста қосымша аурулар қатар жүреді, иммунитеті төмен болады. Ал науқас бала тыныш ұйықтауы үшін ұйықтаған кезде ыңғайлы оның жан-жағына көрпе, жастық, аяғының ортасына жұмсақ нәрсе немесе валик қою керек. Церебралды сал ауыры диагнозы қойылған баланы бірден қолтығының астынан көтеруге болмайды және баланы алдыңызға алып отырған кезде аяғын бүгіп жинау да маңызды.

Церебралды сал ауруы неден пайда болады? Оның ем жолдары туралы «Жібек жолы арнасында» 1 желтоқсан күні эфирге шыққан «Біздің дәрігер» хабарынан көре аласыз.