Қазақстанда туберкулез дертінің алдын алу айлығы басталды

АЛМАТЫ.  29 ақпан. ҚазАқпарат - 23 наурызға дейін туберкулез профилактикасының айлығы өтеді. Шара барысында өкпе құрты ауруының алдын алуға арналған  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.
None
None

Бұл туралы Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова мәлім етті.  

 Оның айтуынша, шараның негізгі мақсаты - халықты өкпе құрты дертінен хабардар ету, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге шақыру, халық арасында, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қоғам назарын туберкулез мәселесіне аудару, Қазақстандағы құрт ауруымен байланысты жағдайды жақсарту үшін бүкіл қоғам күшін жұмылдыру болып табылады.

Аталмыш шара туберкулез ауруымен бүкіләлемдік күрес күніне орай  (24 наурыз) Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің Ұлттық орталығы мен Туберкулез мәселелерінің Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен арнайы өткізілмек.

 Мамандардың айтуынша, өткен 2011 жылы туберкулезден 1 477 адам көз жұмса, жыл басынан бері 188 адам қайтыс болған. Ал, бүгінгі таңда Қазақстанда бұл дертке шалдыққан 27 мың адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар