Қазақстанда туберкулез туралы мүлдем ұмытатын кезді армандаймын - Ғани Қасымов

АЛМАТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Бүгін сенатор, ҚР Президенттігіне үміткер Ғани Қасымов «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстанда туберкулез туралы мүлдем ұмытатын кезді армандаймын - Ғани Қасымов

Сенатор қызметкерлер мен Орталықтың жағдайы, сондай-ақ, оның зерттеу жұмыстарымен танысты. Олардың ұсыныстарын тыңдап, ойларымен бөлісті.

«Орталық - жас ғалымдар және өз елінің нағыз патриоттары қызмет ететін жоғары техникалы ғылыми ұжым. Менің ойымша, Қазақстанның ғылыми болашағы сенімді азаматтардың қолында. Қазақстанда туберкулез туралы мүлдем ұмытатын кезді армандаймын. Мен әрқашан осы зертхананың ғалымдарын қолдап келемін және қолдайтын боламын. Себебі, олардың жұмыстары біздің ұлттың денсаулығы үшін аса қажетті», - деді ҚР Президенттігіне үміткер Ғани Қасымов.

Инфекцияға қарсы препараттарды зерттеу жобасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары Ұлттық академиясының академигі М.Е. Құлмановтың айтуынша, терапевтикалық әсер ету механизмін зерттеу аясында дәрі-дәрмек ФС-1 туберкулез микобактериясына тікелей әсер ететіндігі, мұражай және туберкулездың клиникалық мултирезистентті микобактериялар штаммдарына жоғары бактериоцидті және бактериостатикалық белсенділік көрсететіні зерттелген. Сондай-ақ, ФС-1 препаратының дені сау еріктілерге клиникалық сынағының бірінші фазасының GCP принциптеріне сай өткізу барысында ФС-1 препаратын бір реттік және көп ретте пероральды қабылдағанда жалпы токсикалық әсері жоқтығы және жеке ағзалардың қалыпты морфологиясымен функциясының кері әсер етпейтіні көрсетілген. Сонымен қатар, спецификалық емес иммунитеттің белсенділігі күшейетіні байқалған.

Аталмыш орталық 2004 жылы Елбасы тапсырмасымен құрылған. Оның міндеті - медициналық препараттарды теория жүзінде жоспарлаудан бастап, химия саласы бойынша биоматериалдар және биопрепараттардың скринингін жүргізетін академиялық зерттеулер жасайтын ғылыми-зерттеулік, ғылыми-сынақ жүргізетін, жаңа түрдегі ғылыми-өндірістік құрылымы болып табылады. Іс- әрекеттің соңы - тәжірибелік өндіріс құру және дайын өнімдерді коммерциялау.