Қазақстанда туберкулезді рентгенсіз анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов флюорографияға түспестен туберкулезді анықтауға бағытталған қанатқақты жоба туралы айтып берді.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында Е. Байжүнісов бұл технология Оңтүстік Кореядан жеткізілгенін атап өтті.

«Биылдан бастап туберкулезді қан арқылы анықтау әдісіне алғаш рет көшкенімізді атап өткім келеді. Оңтүстік Корея тарапымен тиісті келісімге қол қойып, олар жабдықтарды жеткізіп, орнатты. Қазіргі кезде біз екі емханада қанатқақты режімде зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Егер де бұл бағыттағы жұмыстар нәтиже көрсетсе, онда скринингтік зерттеулер жүргіземіз. Яғни туберкулезді қан арқылы анықтайтын боламыз», - деді басқарма басшысы.

Осы ретте ол бұл әдіс науқастардан туберкулезді нақты анықтауға, сондай-ақ емделушілердің антибиотиктерге сезімталдығын байқауға мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

«Биыл біз тубдиспансердің жаңа ғимаратын салатын боламыз. Менің ойымша, онда ем-дом жасаудың барлық циклі қамтылады. Осы ретте туберкулезді түбегейлі жеңуге болады», - деді Е. Байжүнісов.

Соңғы жаңалықтар
telegram