Қазақстанда Тұңғыш Президент күні алғаш рет мерекеленеді
деп хабарлайды Астана қаласының astana.kz ресми сайты.
Былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған еді. Аталған мерекеге орай Астанада бірқатар мерекелік іс-шаралар жоспарлануда. Спорттық сайыстар және концерттік бағдарламалармен қатар, әлеуметтік жобалар да жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, спорттық сауықтыру кешендері мен 800 орындық 3 балабақша пайдалануға беріледі.
Елордадағы атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мерекеге қызу дайындықты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайы да бастап кетті. Мәселен, 28 қарашада «Ой бөлісем халқыммен» деп аталатын үлкен көрме өткізбек. Көрме аясында Елбасының жеке мұрағат қорынан дәстүрлі құжаттар, фото және бейне материалдар көпшілік назарына ұсынылады және мұнда Президенттің еңбек жолы мен тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдерден де ең маңызды экспонаттар қойылады.