Қазақстанда тұңғыш рет А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында жүрек пен бауырды ауыстыру операциялары жасалмақ

МАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда тұңғыш рет А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында жүрек пен бауырды ауыстыру операциялары жасалатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда трансплантология мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Сызғанов атындағы ҰХО бас директоры, профессор, РМҒА академигі Жеткерген Арзықұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, жүрек ауыстырудың бірінші операция биылғы жылдың қараша айында жасалынбақ. «Ал, бауырды ауыстыруды желтоқсан айына жоспарлап отырмыз. Бұл күрделі мәселе, оның нақты қашан жасалуын біз де айта алмаймыз, ол жағдайға байланысты. Операцияларды шетелде оқып келген біліктілігі жоғары мамандар жасайтын болады. Ол үшін жақында Қазақстанның 50 шақты дәрігері алыс шетелдер мен ТМД мемлекеттеріне барып, трансплантация жасауды үйреніп қайтты»,-деді ол.

Трансплантация - мемлекет үшін экономикалық жағынан тиімді тәсілдердің бірі және ол емдеудің бірден-бір әлеуметтік радикалды жолы болып табылады. «Адамның ішкі ағзасын ауыстыру сырқаттың, өлім аузында жатқан адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Бүгінгі заманауи медицина бір мезгілде жүрек, өкпе, бауыр, сонымен қатар, ұйқы безі сынды бірнеше ағзаны ауыстыруға мүмкіндік беріп отыр. Одан қазіргі медицинаның қаншалықты дамығандығын байқауға болады»,-деді Ж.Арзықұлов.

Ол сонымен қатар: «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шамамен 1200 пациенттің жүрегін ауыстыру, тағы сонша адамның бауырын да ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Ал, басқа түрлі трансплантология бойынша операцияға 4000 -нан 10 000-ға дейін пациент көмекке зәру болуда»,-деді.

Оның пікірінше, медицинаның бұл саласына қоғамның көзқарасын өзгерту үшін уақыт қажет.

Соңғы жаңалықтар